Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы әскери бөлімнен ұрланған қару-жарақ ісіне байланысты Шымкентте алғашқы сот отырысы өтті. Бұл іске қатысы бар деген күдікпен 8 адам жауапқа тартылып отыр. Күдіктілердің алтауы уақытша тергеу изоляротында қамауға алынса, қалған екеуі әзірге бостандықта жүр.
Алғашқы, сот отырысында прокурор бостандықта жүрген екеудің бірі қамалсын деп сотқа арыз берді. Енді оның жауабы ертең анықталмақ. Еске сала кетейік, атышулы оқиға осы жылдың ақпанында орын алған еді. Әскери бөлім қызметкері Абылай Балғымбай қару-жарақ тасуды қаңтарда бастаған екен.
Осы уақытқа дейін ол 46 қаруды қолды етіп үлгерген. Оның 29 автомат, 16 Макаров пистолеті, 1 Стремир тапаншасы. Қазіргі болжам бойынша, ол тапаншаны қалада сатқан. Және жауапқа тартылған 7 азамат сол қаруды сатып алғандар болуы мүмкін.
Айта кетейік, қылмыстық іс 5 бап бойынша қаралып жатыр. Олар: ҚР ҚК 447-баптың 2-бөлігі, 291-баптың 3-бөлігі, 287-баптың 4-бөлігі, 442-баптың 2-бөлігі, 28-баптың 5-бөлігі.
Назерке Үкібасова