Шымкентте праймеризге қатысуға көп балалы аналар өтініш берген

353

Шымкентте 31 үміткер праймеризге қатысуға өтініш берді. Олардың арасында көп балалы аналар мен жастар да бар. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов мәлімдеді. Айтуынша, биылғы іріктеудің жөні бөлек.

Шетелдің тәжірибесінен алынған праймериз жүйесі халық арасындағы белсенділерді анықтап, олардың елді дамытудағы, өзекті мәселелерді шешудегі ұсыныс-тілектерін ескеруге сеп болады. Себебі, праймеризге қатысуға тек партия мүшелері ғана емес, өзге де азаматтар өтініш бере алады.

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:Праймеризде бәрі жеңіске жетеді. Өзі іріктеуден өте аламаса оның ұсыныстары мен бастамалары партияның сайлауалды бағдарламасына енетін болады. Сондықтан, елім дейтін, елдің өркендеуіне үлес қосам деген азамат бұл шарадан тыс қалып қалмауы керек.

Өтінімдер 29 тамыға дейін жалғасады. Үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарына дайындалуға 7 күн беріледі. Одан кейін үміткерлер пікір сайыстарға қатысып, өздерінің сайлауалды ұсыныстарын жолдайтын болады.

Мақпал Рысбаева