«Отбасылық алғашқы көлік» бағдарламасы жүзеге асырылмақ

190

Жеңілдетілген автонесие беру наурыз айында басталуы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, қазір арнайы жұмыс тобы бағдарламаны әзірлеп жатыр. Оған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері де кірген.

Айтуларынша, бағдарламада аса өзгерістер болмайды. Ең жоғары несие көлемі 15 миллион теңге. Мерзім 7 жылға дейін. Мөлшерлеме 4 пайыз.

Сондай-ақ, көп балалы аналарға, күштік құрылым қызметкерлеріне, дәрігерлер мен мұғалімдерге қосымша жеңілдік жасау көзделген.

Әрі жеңілдетілген несие бағдарламасының ішінен «Отбасылық алғашқы көлік» дейтін тағы бір бағдарлама ашылуы мүмкін. Әзірге оның шарттары қаралып жатыр.

Шынар Оразова