Абай ауданы бойынша праймеризге қатысқан үміткерлермен кездесу өтті

218

«НұрОтан» партитясының Шымкент қалалық филиалында Абай ауданы бойынша праймеризге қатысушылармен кездесу ұйымдастырылды.

Бұл ауданнан саяси додаға қатысуға 42 партия мүшесі ниет білдірген, алайда праймеризге 31 адам қатысып бағын сынады. Праймеризде белсенділік танытқан  партия мүшелеріне  филиал төрағасының «Алғыс хаты» табыс етілді. Айта кету керек, Шымкентте 47 бастауыш партия ұйымында 35 197 партия мүшесі тіркелген. Праймериздің арқасында әсіресе, жас буын өз мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік алды.

Шынар Оразова