Шымкентте тағы бір провизорлық стационар босады

152

Шымкенттегі провизорлық стационардың бірінен вирустық инфекцияға шалдыққан соңғы науқас жазылып шықты. Жергілікті тұрғын қаладағы Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына 19-тамыз күні жедел жәрдеммен жеткізілген.

Екі жақты вирустық пневмонияға шалдыққан науқасты дәрігерлер тексере келе тиісті ем-дом шараларын жүргізген. Денсаулық жағдайы жақсарған көпбалалы ананы ақ халаттылар бүгін арнайы стационардан шығарып салды.

Айта кетейік, орталық жұқпалы ауру өршіген тұста прозизорлық стационар ретінде жұмыс істеді. Ондағы мамандар екі айдан аса уақыт ішінде 400-ге жуық науқасты дертінен айықтырды. Медициналық ұйым 1 қыркүйектен бастап штаттық режимдегі жұмысын бастайды.

Мақпал Рысбаева