Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді. Бұл шешімді Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдап отыр.
Осылайша, ХҚО азаматтарды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайдын болды. Сенбі — демалыс.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.
Осыған байланысты мемлекеттік қызметтерді алу үшін кезекті сағат 17.30-ға дейін брондау қажет. Сондай-ақ, ХҚО басшылығы жергілікті тұрғындардан мекемеге барған кезде қашықтықты сақтауды сұрап, медициналық маскаларды тағуды талап етеді.
Мөлдір Бекеева