Арыс қаласындағы цех жылына 18 млн. литр минералды су өндіреді

554

Арыс қаласында орналасқан «Арыс минералды су» ЖШС-і жылына 18 млн. литр минералды су өндіреді.

Жобаның жалпы құны 250 млн. теңгені құрайды. Бүгінде  мұнда  15 жұмысшы, алдағы уақытта олардың санын 50-ге дейін жеткізу  жоспарлануда. Судың емдік қасиеті мол, ол жөнінде курортология институтының қорытындылары алынған.

Дастан Мүсірепов, «Арыс минералды су» ЖШС  өкілі: «Қазіргі таңда серіктестік 0,5, 1, 1,5, 5, 19 литрлік құтыларға газдалған және газдалмаған су шығарады. Қазірге дейін өнім Арыс қаласы мен Түркістан облысының өзге аудандарына жөнелтілуде. Алдағы уақытта Арыс минералды суы республиканың өзге облыстарына жіберілмек.
Сонымен қатар, серіктестік 30 млн. теңге қаржы жұмсап, емдік монша да салған. Онда бір уақытта 80 адамға қызмет көрсетіледі».

Шынар Оразова