Бағдарламаның берері көп…

176

Түлкібас кентінде «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасының аясында  биыл қараша айына дейін 15 көше күрделі жөндеуден өтпек.

Соның бірі Жамбыл атындағы көше. Күрделі жөндеуден өтетін  көшенің ұзындығы 2,1 шақырым. Нысанның құрылыс жұмыстары  ағымдағы жылдың қазан айында аяқталмақ.Жол жөндеу

Жалпы, ауданда ұзындығы 67,88 шақырым 54 жолға  күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Оның ішінде 19,3 шақырым 6 жолға  күрделі жөндеу, 49 шақырым 48 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Бүгінгі таңда  аталмыш жолдардың 8-і толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Шынар Оразова