Кентаудағы ескі алаңша жастар саябағына айналды

620

«Жастар»саябағы. Дәл осындай атаумен Кентауда «жастар» жылына орай жаңа саябақтың абаттандыру жұмыстары аяқталып, осы жылы «Астана» күніне орай қолданысқа берілді.

Салтанатты іс-шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысты. Бұл жерге бюджеттен 150 млн теңге қарастырылған. Жастардың басын қосатын демалыс аймағы, кез-келген келушіге қолайлы қызмет көрсетеді ,- дейді Кентау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Мади Нұрпейісұлы

«Бұл саябақты ашудағы басты мақсат-жастарды салауатты өмірге бағыттау. Кез-келген қала тұрғыны мен қонақтары бұл саябаққа кіріп, қалаған спорт түрімен шұғылдана алады. Оларға қолайлы жағдай жасалған. Баскетбол,теннис,футбол алаңшасы,воркаунттар бар. Жай ғана ашық ағаштары ғана бар саябақ,бүгінде жастардың уақытты қызықты әрі тиімді өткізетін орнына айналған. Тіпті смарторындықтар мен жаңа сәкілер де орнатылған»