Отандық дипломдар Еуропаға да жарамды

144
????????????????????????????????????

Енді елдегі жоғары оқу орындарының дипломдары Еуропаға да жарамды болады. Ол үшін Қазақстанның білім ордаларында қосымша тағы бір диплом берілмек. Бұл бастаманы білім және ғылым министрлігі 2021 жылы бастап жүзеге асырғалы отыр. Осылайша Болон процесі арқылы шетелдік азаматтарды да Қазақстан біліміне қызықтырмақ ниетте.

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қазақстандық жоғары оқу орындары түлектерінің біліктілігі еуропалық біліктілік санатымен сәйкес келеді. Болон процесі хатшылығы қабылдаған өзін-өзі сертификаттау бойынша есепті дайындау үшін Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған болатын. Оның құрамына ҚР БҒМ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, салалық қауымдастықтар және қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері кірді» дейді.

Айта кетейік, Болон процесі еңбек нарығында 1999 жылы 29 елдің Білім министрлігінің бастамасымен құрылған. Басты мақсат — еңбек нарығында азаматтардың ұтқырлығын дамыту, еуропалық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жоғары білімнің ұлттық жүйелерін үйлестіру.

                                                                                        Назерке Үкібасова