Шымкент ауруханаларына 50 оттегі концентраторлары тарту етілді

310

Қытай ұлттық мұнайгаз копорациясы «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-мен бірге Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына гуманитарлық көмек ретінде оттегі концентраторларын сыйлады.

Бұл жабдықтар шаһардағы ауруханалар мен провизорлық станционарларға жеткізілетін болады.

Қорапшалардағы оттегі концентраторлары коронавирус індетінен емделуге арналған таптырмайтын жабдық. Науқастың тыныс алуын жеңілдететін бұл аппараттарды Қытай Ұлттық мұнайгаз Корпорациясы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Шымкентке тарту етті.

Ғалымжан Әбішев, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы: «Бұл оттегі концентраорлары қаладағы  ауруханалар мен   стационарларға жеткізіледі».

Қытай Ұлттық МұнайГаз Корпорациясының еншілес компаниясы «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС пандемия кезеңінде гуманитарлық көмек көрсетуді әлі де жалғастыруда. Қаладағы аруханаларға медициналық бетперделер таратылып, залалсыздандыру дәліздері, медициналық арнайы костюмдермен қамтамасыз етті.
«Гуманитралық көмек тоқтаған жоқ. Кеше ғана 18  жасанды тыныстандыру аппараты тарту етілді.  Қазір , міне, Шымкент мұнай өңдеу зауыты оттегі концентраторларын сыйлап жатыр. Ол жабдықтар өте қажет. Ал концентраторлар үшін  оттегі қажет. Қазір 3 стационарда 3 оттегі стансасын орнаттық, 9 стационарға  сұйытылған оттегі үшін резервуарлар  орнатылуда. Және оған қоса, оттегін өндіретін  кәсіпорындардың  мүмкіндіктерімен  анықтап,  оларды  ретке келтіру бойынша ұсыныстарды жинадық,-дейді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Айта кететін жәйт, елімізде эпидемиологиялық жағдай ушығып тұрғанда «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясы әлеуметтік жауапкершілік аясында Шымкент қаласы әкімдігіне 100 млн. теңге қаржы аударған болатын.

Сонымен қатар, «ПКОП» ЖШС  жастар ресурстық орталығымен бірге  «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын  өткізіп, көмекке мұқтаж 100 отбасына азық-түлік жиынтығын табыс етті. Бұл жоба «Біз біргеміз» акциясының аясында жүзеге асты.

Айта кетейік, Қытай Ұлттық мұнайгаз корпорациясы еліміздегі аймақтардағы түрлі қоғамдық жобалардың белсенді қатысушысы.

Шынар Оразова