фото Almaty.tv

Шымкентте 80 мың оқушы техникадан тапшылық көрген. Оның тең жартысы жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар. Бұл туралы қашықтан оқыту жүйесі талқыланған брифингте мәлім болды.

Сала басшысының сөзіне қарағанда, биыл әлеуметтік көмекті қажет ететін 20 мыңнан аса отбасы балалары компьютермен қамтылған. Басқарма басшысы алдағы уақытта сатылып алынатын компьютерлердің есебінен мұқтаж отбасылары тиісті техникалаға қол жеткізеді.

Жанат Тәжиева, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы: «Осы айдың соғына дейін техникалар келуі тиіс. Олардың ішінде компьютерлер мен планшеттер, ноутбуктер болады».

Шымкент мектептерінде алдағы уақытта шахмат міндетті пән ретінде енгізіледі. Қазірдің өзінде еліміздегі 200-ден астам мектепте шахмат пән ретінде оқытылуда. Спорт түрі шәкірттердің математика сияқты ғылымдерды тез игеруіне сеп болады дейді мамандар.

Мақпал РЫСБАЕВА