«Шымкенттік балалардан Кавасаки анықталған жоқ». Бұл туралы шымкенттік дәрігерлер дабыл қағуда. Сөздерінше, көпжүйелі қабыну синдромы жоғарыда аталған ауруға ұқсайды.
Жапондық оқымысты құрметіне аталған ауру кішкентайларда бұған дейін де болған. Ал, қазір пайда болған синдиром Ковид-19 инфекциясымен тікелей байланысты екен.
Инна Глазебная, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы аналар мен балалар бөлімінің жетекшісі: «Балалардың көпшілігінде коронавирустық инфекция белгілері болған жоқ. Көктемнің басында және сәуірде, мамырда Еуропа, Америка елдерінде тіркеле бастады. Италияда клиникалық белгілері бойынша ауруы бар балалар Кавасаки ауруына ұқсас болды. Біз іле-шала, бұларды анықтай бастадық».
Көпжүйелі қабыну синдромы Шымкентте 3 баладан анықталған. Олар жеті және екі жастағы кішкентайлар. Үлкен жастағы балақайлар екі апта ішінде айығып кетсе, екі жастағысы әлі де індетпен күресіп жатыр. Дәрігерлер сөзінше, 10 күннен бері емделіп жатқан балақайдың беті қазір бері қарай бастаған.
Әсел Жантасова, Шымкент қаласы кардио-ревматология бөлімінің меңгерушісі: «Алғашқы пациенттер қатарынан екі бала болды, екеуі де 7 жаста, Кавасаки тәрізді синдромның әдеттегі клиникалық көріністерімен қабылданды. Хаттамаға сәйкес емделіп, жергілікті дәрігерлердің бақылауымен айығып үйге шығарылды. Осы уақытта бала бар, жағдайы жақсару динамикасында, баланы емдеу жоспарланған».
Белгілі болғандай емделген балалардың барлығынан антидене анықталған. Яғни, бүлдіршіндер симптомсыз болса да, коронавирус жұқтырып, оны жеңіп шыққан. Кавасакидің көпжүйелі қабыну синдромнан тағы бір айырмашылығы онымен екі жастан үш жасқа дейінгі балалар ауырады. Осы үшін қаладағы бірінші ауруханада арнайы топ ашылды. Онда инфекционист, пульмонолог, ревматолог, реаниматолог және кардиолог істейді.
Әсел Жантасова, Шымкент қаласы кардио-ревматология бөлімінің меңгерушісі: «Көп қабыну синдромы Кавасаки ауруымен ұқсас. Сондықтан оны жиі Кавасаки тәрізді синдром деп атайды. Бұл синдромы қан айналым жүйесінің, жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларымен асқынуы мүмкін. Бұл аневризманың дамуы болуы мүмкін, соның салдарынан әр түрлі жүрек аурулары болады. Мысалы, балалардағы инфаркт тәрізді жағдайлар өліммен аяқталуы мүмкін».
Көпжүйелі қабыну — синдромы жұқпалы емес. Бірақ, балалар ағзасына өте қауіпті. Дәрігерлер, егер баланың дене қызуы көтеріліп, денесі қышып, бөрте бастаса, көп созбай ақ халаттыларға жүгіну керектігін ескертеді.
Назерке Үкібасова