Шымкенттегі Т. Рысқұлов көшесі бойындағы жөндеу жұмыстары созылып кетті. Халық тарапынан осындай сын-ескертпелер айтылған соң бүгін «Сапалы жол» жобасы өкілдері нысанға барып, тексеру жұмыстарын жүргізді.
Мердігерлермен кездесіп, жолдың сапасын анықтау үшін тиісті сараптау жұмыстарын жүргізді. Салаға жауаптылар асфальт қабатын ойып алып, жылжымалы лабороторияға өткізді.
Талғат СЕРІКБАЕВ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары: «8 шақырымнан астам жол жөнделіп жатыр. Бұл нысанға қатысты түрлі сындар айтылып еді. Халық кептелісте тұратынын жеткізіп, шағымданған. Сол бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз».
Айта кетейік, «Сапалы жол» жобасының жетекшілері осыған дейін жол құрлысына қатысты 70 кемшілікті анықтаған. Олардың ішінде 50 шақтысы бүгінде қалпына келтіріліпті. Т. Рысқұлов көшесінің асфаль қабатынан да бүгін сынама алынды. Олқылықтарды зертхана қорытынысы анықтайтын болады.
Мақпал РЫСБАЕВА