Түркістандық диқандардың өнімдері Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде сатылды

145

Түркістан облысының диқандары алдағы демалыс күндерінде Нұр-Сұлтан қаласында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысып қайтты. Оңтүстік өңірінің тартуы ет өнімдері, жеміс, көкөніс жалпы 500 тоннаға жуық жеткізілген өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен саудаланды.

Бұл шара коронавирус індетіне байланысты елімізде енгізілген карантин шаралары кезеңінде ұйымдастырылған алғашқы жәрмеңкелердің бірі. Шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтің өкілдері мұндай жәрмеңкелер өзге өңірлермен іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді дейді.

Шынар Оразова