Оқиға Қаратау ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Қала тұрғынының хабарламасы бойынша, оның үйінде жұмыс істеген қыз үлкен сомадағы ақша қаражаты мен қымбат алтын әшекейлерді ұрлап кеткен.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тәртіп сақшылары іс бойынша күдікті азаматшаны анықтап, полицияға жеткізді. Қазіргі уақытта ол ешқайда кетпеу туралы қолхатта.