Жабағылыдағы емдеу орталығына келушілердің саны артуда

332

Табиғаты керемет Түлкібас ауданындағы Жабағылы ауылындағы  емдеу орталығына келушілерді саны жылдан -жылға артып келеді.

Қыркүйектің 10-на ем-дом қабылдауға сонау Созақ ауданынан келген  Сәнәм Әбдішәкірова орталықтағы емдік шараларға, қызмет көрсету сапасына көңілі толатынын айтады. Көпбалалы ана мұнда екінші рет демалуда. «Ауасы тыныс алу жолдарын емдейді, есесіне бұлақтан аққан судың да емдік қасиеті зор»- дейді  теріскейлік тұрғын. Мұнда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында  газ құбыры  тартылып, инфрақұрылымын дамыту қолға алынды.

Мемлекеттен қолдау алған орталық бір күнде 84 адамды қабылдауға қауқарлы. Қазіргі таңда орталыққа келіп, дертіне шипа іздеген жандардың сиымдылығын тағы 80 адамдық орын қосуға құрылымдау жұмыстарын жүргізуде. Тіпті қосымша орындарды салу жұмыстары 50 пайызға жетіп отыр.

Айта кетейік, сауықтыру орталығы тек саумал беріп қана қоймай, тыныс алу жолдары, қан құрамындағы қант мөлшерін түсіру және невралогиялық ауруларға қарсы ем-домдар жасайды.

Шынар Оразова