Желілік саябақ тұрғындар демалуға арналған дүниелермен толығуда

171

Киелі мекен Түркістан күннен күнге гүлденіп келеді. Көз тартарлық көрікті ғимараттар, әсем саябақтар… Айналасы құлпырып тұр.

Түркістан қаласындағы Б. Саттарханов даңғылының екі жиегінде салынған Желілік саябақ тұрғындар демалуға арналған дүниелермен толығуда. Үш кезеңмен салынуы жоспарланған саябақтың қазіргі таңда үшінші кезеңі іске асуда. Онда тамақтанатын орындар, автотұрақ, суды бу түрінде шашатын аркалы субұрқақтар және басқа да тұрғындар жайлылығы үшін жобалардың іске асуы жоспарланған.

Ал, қазіргі таңда орталық даңғыл бойында түрлі пішіндегі орындықтар, жарықтандыру жүйелері, арықшаларда лотос гүлдері, түйелер керуені, фотозона және әткеншектер қойылды.