300 мыңнан астам халқы бар Абай ауданы аумағында 453 көп қабатты тұрғын үй орналасқан, оның 111-інің тозығы жеткен.
Оның ішінде 2019 жылға дейін апатты деп танылған 7 көпқабатты тұрғын үйлерде сейсмонығайту жұмыстары жүргізілген.
2019-2020 жылы 4 көпқабатты тұрғын үйде 207,6 млн. теңгеге сейсмонығайту жұмыстары қолға алыныпты.
Үш көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс жолданған.
Модернизацияға тоқталсақ, бүгінгі таңға жалпы аудан бойынша 453 көпқабатты тұрғын үлердің 44 үйі жөндеуден өткен. 2020 жылы жоспарланған 19 үйдің 12 үйінде құрылыс жұмыстары жүруде, 383 үйді жағдайына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның ішіндегі 55 үйге 2021 жылға ұсыныс берілді.
Шынар Оразова