Абай ауданы аумағында орналасқан 25 елді мекен табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 9 елді мекен қатты отынды пайдалануда.
Биыл табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына жалпы 175,2 млн. теңге бөлініп отыр, оның ішінде, 1 елді мекеннің құрылыс жұмысына — 106,2 млн.теңге (нақты бөлінгені 1,0 млн. теңге), құрылыс аяқталған соң 1231 тұрғын табиғи газбен қамтылады.
2 елді мекеннің жобалық-сметалық құжатын дайындауға — 50,2 млн. теңге,
Ынтымақ-2 шағын ауданы Батыс бөлігіндегі 2243 үйді газ жүйесімен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ дайындауға — 18,8 млн. теңге, (ЖСҚ дайын, жалпы жоба құны 993,8 млн. теңге),
6 елді мекенге (Көкбұлақ түрғын алабы, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабы, Ақтас-2 тұрғын алабы, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай шағынауданы, Құрсай шағынауданы) табиғи газ жүйесін тарту мақсатында жоба дайындау үшін қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс беріліп, ЖСҚ әзірленуде.
Шынар Оразова