«Абылайдың қара жолын» қайта жаңғырту үшін ел саяхатшылары жолға шықты. Сапарын кербез Көкшеден бастаған олар күні кеше күнгейге келіп жетті.
Осы аралықта Қазақстан орталығын да аралап өткен жолаушылар өңірімізде тарихи кітаптің тұсауын кеспек.
«Абылайдың қара жолымен» жүріп өтуге шыққан жолашылар сапары кербез Көкшеден басталған. Осыдан кейін Қорғалжыңдағы Жәнібек хан басына барған саяхатшылар Ұлытауда тұрақтапты.
Айта кетейік, дәл осы өңір ел тарихының айнымас бөлшегі. Мұнда Жошы ханнан бастап бірқатар тарихи жан жерленген. Еске салайық, өңір маңызын арттыруды ел президентінің өзі тапсырған еді.
Айта кетейік, туристік сапар Әл Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығына арналған. Ел орталығын аралап шыққан саяхатшылар осыдан күнгейге бет бұрыпты. Түркі астанасында «Абылайдың қара жолы» кітабының тұсауы кесілді.
Сапар барысында тарихшылар әр облыс, аудан, ауылдарға соғып, тарихи әңгімелер жинап, қағаз бетіне жоспарлап отыр. Енді экспедиция аясында топографиялық карта дайындалмақ. Ал, сапардан соң Көкшетауда республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарланып отыр.
Назерке Үкібасова