Әуе рейсімен келген 10 жолаушыдан тәжівирус табылды

254
фото inform.kz

Әуе рейстерімен келген жолаушылардан вирусты анықтау үшін бюджеттен 34 млрд. теңге бөлінген. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері мәлімдеді.

Ерлан Қиясов сөзінше 18 қыркүйектен бері ұшақпен келген 3051 жолаушы тестен өткен. Дәл осы жолаушылардың 10-нан тәжівирус табылыпты.

Ерлан Қиясов, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері: «ҚР Бас мемлекеттік дәрігердің қаулысына сәйкес 2020 жылдың 6 қазанынан бастап еліміздің мемлекеттік шекарасындағы автомобильдік өткізу пунктері арқылы 33 600 ел азаматы мен шетелдіктер, оның ішінде 10 051 жолаушы кесіп өтті. Сондай-ақ 3322-і карантиндік стационарға орналастырылды, оның ішінде 60 адамда ПТР-тест нәтижесі оң болды».

Айта кетейік, Ерлан Қиясов санитарлық талапқа бағынбай тұрған қалаларды да жіпке тізіп берді. Олардың көшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары бастап тұр. Енді аталмыш қалаларда карантин режимі қайта күшейтілуі мүмкін.

Назерке Үкібасова