Тапсырыс беруші ЖШС «Отау-Бетон» ҚР-ның Экологиялық кодексінің 57-2 бабының 3 тармағына сәйкес «Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауыл округі, 200 орам, 848 учаскедегі өндірістік база мен қойманың құрылысы (қиыршықтас-құм қоспасын ұсатуға арналған қондырғы)» жұмыс жобасына қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жөнінде және алдын ала жобалау қужаттарын талқылау үшін ашық жиналыс турінде қоғамдық тыңдау өткізеді.
Барша қызығушылығы бар жеке тұлғаларды жиналысқа қатысуға шақырамыз. Нысандар бойынша ақпарат алуға және өз пікірін білдіруге барлық мүдделі азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерге мүмкіндік беріледі.
— қоғамдық тыңдау өткізу күні, уақыты және орны: 2020 жылы 17 караша сағат 10:00-де (онлайн-бейнеконференциялық байланыс арқылы, ZOOM тіркемесі: конференция идентификаторы — 885 293 1575; кіру коды: Cy0ecf; сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/8852931575?pwd=azFXai8zMEhSZExQV3NrRTVBL052QT09;
— жергілікті атқарушы органның атауы және қоғамдық тыңдауларды өткізуге және жауапты тұлғаның байланыс деректері: «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-ң маманы А.Еркебай;
— ұсыныстармен ескертулер қабылданатын жергілікті атқарушы органның электрондық поштасының мекенжайы: a.erkebai@ontustik.gov.kz, тел.: 6-37-68;
— жоба бойынша құжаттама жарияланған жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсының мекенжайы: http://turkistan.gov.kz/;
— жұртшылық өкілдерінің жоба материалдарымен қағаз түрінде танысуға мүмкін болатын орнының мекенжайы: Шымкент қаласы, Капал батыр көшесі, «Өндірістік» аумағы №60;
— мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі мемлекеттік органның атауы: «Құрылыс жобаларына ведомствадан тыс кешенді сараптама жургізу»;
— тапсырыс берушінің атауы және байланыс деректері: ЖШС «Отау-Бетон», Шымкент қаласы, Капал батыр көшесі, «Өндірістік» аумағы №60, тел.: 95-29-00;
— тапсырыс берушінің ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын интернет-ресурсының немесе электрондық поштасының мекен-жайы: otau-beton2005@mail.ru.