Елімізде қыз-жігіттер бір бірімен танысып, жұп құратын алаңына айналған бағдарламаның қатысушысына келген үміткерді полиция ұстады.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзінің танысы сеніміне кіріп, «Toyota Сamry» маркалы автокөлікті сатып алып беретінін айтып, алаяқтық жолмен 1 500 000 теңге ақшасын алып, осы уақытқа дейін қайтармай жүргені бойынша арызданған.
Аталған жайт Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) тіркелген.
Полиция қызметкерлері жедел-тергеу іс-шарасын жүргізу барысында жәбірленуші автокөлігін жаңарту үшін, өзіндегі автокөлігін және алтын бұйымдарын сатып, 2019 жылдың 15 қыркүйегінде «kaspi.kz» бағдарламасы арқылы жалпы 1 500 000 теңгені күдіктіге аударған. Өз кезегінде күдікті сол ақшаға жәбірленушіге «Toyota Сamry» маркалы автокөлікті сатып алып беретініне уәде еткен. Алайда ақшаны басқа мақсатқа жұмсап, қайтармай жүргенін анықтады. Сонымен қатар, екі тарап бір бірімен танысатын және жұп құратын телебағдарламалардың бірінде кездескен кезінде, күдікті жәбірленушіге сезімін білдіріп, ақшасын қайтарамын деп сендіргені белгілі болды.
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы №26 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында күдіктіні өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтын шамамен 130 000 теңге сатып жатқан жерінен ұстап, полицияға жеткізді. Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Казіргі таңда тергеу органымен орын алған оқиғаның нақты мән –жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі бойынша басқа деректер жариялануға жатпайды.