Шымкентте коронавирустың екінші толқынына дайындық жалғасуда. Бұл жолы қаланың мониторингтік тобы дәріханадағы препораттар бағасын тексеруге шықты.
Еске сала кетейік, пандемияның алғашқы легінде ел ыстық түсіретін дәрі таппай әбігерге түскен еді. Осыған қайта жол бермеу үшін жауаптылар жұмысқа кірісіпті.
Жиналған бұл топ қаладағы дәрі бағалары мен қорын тексеруге шыққан. Басты мақсат — басталуы мүмкін деген қатерлі індеттің екінші толқынына дайындықты пысықтау. Ол үшін дәріханаға кірген мониторинг мүшелері алдымен ковидке қарсы препараттар тізбегін сұрап шықты.
Еске сала кетейік, пандемияның алғашқы легінде ел ыстық түсіретін дәрінің өзін таппай әбігерге түскен еді. Болған жағдай фармацевтердің де есінен шыға қоймапты. Сөздерінше, қысылтаяң шақта жұрт дәріханаға дәрі іздеп емес, оны сатуға да келген.
Гүлмира Анарбаева, дәріхана меңгерушісі: «Біздің аптекада бір қолға бесеуден артық бермеңдер деді. Бізден бесеу алып алып, қайта әкелгендер болған жоқ. 50 штук алып алып басқа аптекадан келгендер болды. Ол біздің тауар емес. Алған жоқпыз. Қайтадан өзімізге сатқысы келді».
Ал, мониторингтік топ мүшелері қалада дәрі қорының жеткілікті екеніне сенімді. Екінші толқында бұрынғыдай былықтың болмайтынын айтқан олар бағаның да құбылмайтынын алға тартты.
Ләззат Қашқынбаева, фармацевтикалық қызмет бақылау департаментінің маманы: «Қазір барлығында қор бар. Жеткілікті. Және дәрілік заттар ең төменгі бағамен сатып жатқаны белгілі болды. Тапшылық болмайды. Өйткені көріп отырсыздар дәрілік заттар толық. Жеке меншік болғасын, ақша жасайды, бизнес жасайды. Өздеріне керек».
Айта кетейік, Шымкентте қатерлі індетке қарсы дәрі-дәрмек тізбегі мен бағасын көрсететін арнайы сайт бар.
Назерке Үкібасова