Шымкент қаласында қағаз өнеркәсібін ашу үшін айналымға 40 млн. теңге керек. Ал, жиһаз өндірісін бастау үшін қалтаңда 45 млн. теңге болу қажет.
Нұрлан ҚАБЫШТАЕВ, Шымкент қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры: «Біз кәсіпкерлерге үнемі қолдау білдіріп отырамыз. Ал, бұл жолы жеке ісін енді бастағалы отырғандарға демеу білдірмекпез».
Пандемия кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік берді. Шекаралар жабылған соң бизнес иелерінде жаңа тыныс пайда болды. Мәселен, Алмат Қасымов катты картоннан құбыр шығарады. Сөзінше, жергілікті өнімдер шет елдіктен еш кем түспейді. Қайта бағасы қолжетімді дейді.
Ал, қала әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев мемлекеттен көмек алатындардың қатары артқанын айтады.
Осылай деген жауаптылар елдегі кәсіптің заман талабына икемделу керектігін айтады.
Назерке Үкібасова