Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлерге лифтлерді жеткізумен айналысатын «Шымкентлифтмонтаж» компаниясының жұмысымен танысты.

Қазір Шымкенттегі көп қабатты тұрғын үйлерде 358 лифт бар. Соның 333-і жұмыс істеп тұр. Қалған 25-ін
ауыстыру қажет.

Биыл қалада көп қабатты 6 үйдің 12 лифті жаңартылып жатыр. Соның 10-ын осы
«Шымкентлифтмонтаж» ЖШС-і ауыстыруда. Қалған екеуін
«DOSTAR лифт» ЖШС-і жаңартады.

Қала әкімі компания басшыларына жұмысты барынша сапалы орындау керектігін ескертті. Өйткені, бұл — тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруіне тікелей әсер ететін мәселенің бірі.

Айта кетейік, 2021 жылы көп қабатты 13 үйдегі 25 лифт жаңартылады деп жоспарланып отыр.