Сайрам ауданында ауыл әкімі жұмыс орнын ақсақалдарға тапсырды. Ал өзі азаматтар өтінішін қабылдайтын мамандармен бір кабинетке жайғасты. Осылайша Қарамұрт ауылының басшысы жемқорлықтың көзін жоймақ ниетте.
Кеңсе президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында ашылған. Ауыл әкімі енді «Адалдық алаңы» кеңесесі арқылы мамандардың халыққа ашық әрі адал қызмет ететініне сенімді.
Назерке Үкібасова