Педофилдер бұдан былай жазаларын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде өтейтін болады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова мәжіліс отырысында мәлімдеді.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстан түрмелерінде 1870 педофил жатыр. Оның 1300-і қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге орналастырылған. Ішкі істер министрлігінің өкілі жаңа заңның түрмеге бұған дейін түскен азғындарға қатысы жоқ екенін жеткізді.
Марат ҚОЖАЕВ, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары: «Қазіргі уақытта сотталып, мерзімдері белгілі жауапқа тартылған адамдардың жазасын өтеу мекемелері өзгермейді. Қылмыскерлерді қамауда ұстау режимі өзгермеді. Бұған дейін соттың шығарған шешімі өзгеріссіз қалады. Ал ендігі ұсталған қылмыскерлер жаңа заң бойынша жауапке тартылады».
Назерке Үкібасова