Қазақстанда коронавирустан 10-мыңға жуық науқас емделіп жатыр. Бұл туралы еліміздің денсаулық сақтау министрілігі мәлімдеді.
Ақпаратқа сәйкес ауырып жатқандардың 20-ның жағдайы ауыр. Ал, тағы 27-сі өкпені жасанды желдету аппаратына таңылған.
Айта кетейік, ем алып жатқандардың тағы 437-сі балалар. Осы уақытқа дейін Қазақстанда вирусты 119 мың 129 азаматтан анықталған. Өкінішке орай індет жабысқандардың 1924 науқас ажал құшты.
Назерке Үкібасова