Шорнақта жанжал шығарды деп айыпталған азаматтарға сот үкімі шықты. Олардың екеуі ағалы-інілі Ифтихар Жұмадуллаев пен Мадамин Жұмадуллаев. Қылмыстық істің 3 бабы бойынша жауапқа тартылған бұл азаматтардың бірі шартты түрде 6 жылға, екіншісі шартты түрде 3 жарым жылға сотталды. Ал, Мәди Қордабай билік өкіліне күш қолдану бабы бойынша 1 жыл алты айға бас бостандығынан айрылды.
Еске сала кетейік, осы жылдың шілдесінде Түркістан облысындағы Шорнақ ауылында жастар арасында төбелес орын алған еді. Соңы даулы жанжалға ұласқан оқиғада полиция өкілі таяқ астында қалып, соққы да жеген болатын.
Назерке Үкібасова