Úı ANONS Сыныптасымен жанжалдасып қалған жасөспірім қайтыс болды

Сыныптасымен жанжалдасып қалған жасөспірім қайтыс болды

Видеодан скрин

 

Түркістандағы мектепте  қайғылы оқиға орын алды. Тоғызыншы сынып оқушысы қайтыс болды. Оқыс оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды OTYRAR.

Бұл туралы бүгін Түркістан облыстық полиция департаменті хабарлады. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына тергеу тобы жіберілді. Алдын ала тергеу екі тоғызыншы сынып оқушысының арасында жанжал шыққанын, олардың бірі сыныптасының кеудесіне ұрғанын анықтады. Жасөспірім соққыдан оқиға орнында қайтыс болған.

«Тергеу шараларының нәтижесінде полиция күдіктіні және оқиға кезінде болған барлық адамдарды дереу ұстады. Полиция департаментінің басшылығы тергеуді мұқият бақылауда. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың заңды қамқоршылары бала тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды», — делінген департаменттің мәлімдемесінде.

Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмағандардың заңды қамқоршылары бала тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс жасалды.