Шымкент қаласының мамандандырылған ХҚО-да 2020 жылдың 10 айында 290 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның ішінде 63 394 жүргізуші куәлігін берілген. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Данабек Исабековтың айтуынша, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10%-ке артқан.

Шымкентте барлығы 10 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, оның ішінде 3 мамандандырылған ХҚКО және көші-қон қызметін көрсету орталығы бар.
Қазіргі уақытта, «Достық» шағын ауданының және 196 квартал 381/1 үйдегі мамандандырылған ХҚО-да автокөлік иелері өз автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алып, практикалық емтихан тапсыра алады. Сондай-ақ мамандандырылған ХҚО ғимаратында жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеруден өтуге болады. Күн сайын мұнда 200 жүргізуші куәлігі беріліп, 600 ден астам көлік құралы есепке алынады.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, нөмірлік белгіні таңдап, автокөлікті есепке қойып, тіпті мемлекеттік нөмір мен куәлікті онлайн жеткізуді ресімдей алады.
Жыл басынан бері Мамандандырылған ХҚО арқылы 226 924 автокөлік тіркеліп, 63 394 жүргізуші куәлігі берілді.

Анықтама:

Мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:
№1 мамандандырылған ХҚО: Достық м.а.
№2 арнайы ХҚО: 119 квартал, 381/1, Ташкент айналма жолы.
№3 арнайы ХҚО: Қызылжар м.а., Жиделібайсын көшесі 92. «Бекжан-комфорт»
Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 9.00- ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.