Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 70-шы сессиясы онлайн режимде өтті.
Депутаттардың қарауына ұсынылған «Шымкенттің 2018-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» мен «Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері алдын тұрақты комиссияларда жіті талқыланғандықтан, олар бойынша шешім бір ауыздан қабылданды.
Сонымен қатар, депутаттар күн тәртібіндегі соңғы мәселе «Шымкент қаласының қоғамдық кеңесі құрамын бекіту» туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізілді. Қоғамдық кеңестің құрамына шаһардың беделді азаматтары Бақдаулет Абдрахманов, Жанзақ Әлібеков, Шадия Жиенова, Мадина Кенжебаева, Әли Көмекбаев, Ғалымжан Майхановтар енді.
Шынар Оразова