Шымкентте жол ережесін өрескел бұзғандар жауапкершілікке тартылды. Олар тәртіп бұзып қана қоймай, видеосын әлеуметтік желіге жүктеген.
Мына бейнежазбада қымбат көліктерден құралған кортежді көруге болды. Видеодағы үш көлікке тиым салынған жарық шамдары мен сигналдар орнатылған. Белгілі болғандай қымбат көліктермен қыз ұзату тойдан келін әкеле жатқан.
Тәртіп бұзғандар тез арада анықталды. Жергілікті полицейлер жол ережесін бұзған көлік жүргізушілеріне бірнеше әкімшілік хаттама толтырды. Осыдан кейін әлеуметтік желіде олардың кешірім сұраған видеосы жарық көрді.
Тәртіп бұзғандар: «Кешегі интернет желісіндегі жүрген видео үшін кешірім сұраймыз. Және бәрімізге әкімшілік айыппұлдар толтырылды. Енді жол ережесін бұзбаймыз. Шымкент қаласының тұрғындарынан кешірім сұраймыз. Және жастарды жол ережесін сақтауға шақырамыз».
Олжас Айдарбек