2006 жылы шығарылған банкноттарды айырбастау мерзімі ұзартылды

153
фото Ertis

2021 жылдың 1 ақпанына дейін 2006 жылы шығарылған 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды айырбастауды қабылдау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Otyrar.KZ.

«Көбіне қарт адамдар, бір себептермен, ескі банкноталарды уақытында айырбастай алмағаны белгілі», – дейді ҚҰБ-нің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.

Ұлттық Банктің өкілі айырбас жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында жүзеге асырылатындығын атап өтті. Олардың мекен-жайлары мен байланыстары Ұлттық Банктің сайтында орналасқан.

«2021 жылдың 1 ақпанынан кейін бұл банкноталарды ауыстыру мүмкін болмайтынын атап өткім келеді», – деді Ж.Қажмұратов.