Облыс әкімінің өкімімен Тұрғамбаев Руслан Елубайұлы Түркістан облысының басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Руслан Тұрғамбаев 1974 жылы Ақтөбе облысында туған. Білімі жоғары. Алматы энергетика және байланыс институтын бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы Жезқазған қаласындағы «Казақмыс корпорациясы» АҚ, Турбина цехының машинисті болып бастаған.
2000-2009 жылдары Балхаш ЖЭО электр станциясы департаментінің турбина цехының басшысының орынбасары, директоры лауазымын атқарған.
Сондай-ақ, Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының бірінші орынбасары болған. 2013-2019 жылдар аралығында «Базис Электромонтаж» ЖШС-нің техникалық директоры, 2019 жылдан бері облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.