Төлеби ауданында тұратын Бектұрғановтар отбасы үйге келген қонақты қашан да құшақ жая қарсы алады. Көпбалалы жанұя жаңа баспанаға жақында ғана қоныстанған. Әлі толық жайғасып үлгермеген бұл отбасында 7 бала бар. Оның екеуі егіз.

Көпбалалы отбасы осы уақытқа дейін пәтерден пәтерге көшіп жүрген. Азын-аулақ ақша азық-түлікке әрең жететін дейді балалардың анасы. Енді міне үй алып, қолымыз аузымызға жетті деп қуанып отыр.

Әлия Бектұрғанова, көпбалалы ана: «10 жыл бойы үй кезегінде тұрдық. Өте ұзақ күттік. Енді өмір өзгереді деп үміттенеміз. Өзім жұмыс істеймін. Күйеуім де. Үйде құр отырмаймыз».

Бұл үйде көгілдір отыннан басқасының барлығы бар. Табиғи газ бірер күннен кейін берілмек.

Үйдің сапасына мердігер компания жауап береді. Ал, тұрғындар болса, араға уақыт салып мәселемен әр есікті қақпаймыз деп үміттенеді.

Назерке Үкібасова