Облыстық мәслихат депутаттығынан үміткерлер Жансерік Мұсаханұлы және Бадриддин Нышанкулов Манкент ауылдық округінде, сайлаушылармен кездесті. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттауға және манкенттік тұрғындардың жай-күйімен танысуға бағытталған кездесуді партияның Сайрам аудандық сайлауалды штабының мүшесі Н.Қылышбеков ашып, үміткерлерді таныстырды. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталды.
«Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылға үлкен жоспарлар әзірлеген. Бағдарламада аймақтардың инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау сияқты мәселелер қамтылып отыр.
Сайрам ауданы бойынша «Nut Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы шеңберінде келсек, бағдарлама аясында елдімекендерді 2025 жылға дейін 100 пайыз ауыз сумен қамту, 100 пайыз табиғи газбен қаматамасыз ету және сапалы жол мәселесін шешу көзделген.
Облыстық мәслихатқа үміткер Б.Нышанкулов кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалармен таныстырып өтті.
Үміткерлер Қарамұрт, Манкент, Арыс ауылдық округтерінде 2025 жылға дейін 4 бірлік тауарлы-сүт фермаларын ашу, Манкент, Қарамұрт, Қайнарбұлақ, Қарабұлақ ауылдық округінде 100 бастан жоғары 10 бірлік мал бордақылау алаңын салуға жоспарланғанына тоқталды. 2025 жылға дейін қайта өңдеу кәсіпорындарында ет өнімдерін 35%-ға, сүт өнімдерін 30%-ға, жеміс-көкөніс өнімдерін 40%-ға жеткізуге ықпал ететінін айтты.
Бірнеше ауылдық округтерде 2025 жылға дейін жалпы ұзындығы 48,5 шақырым құрайтын аудандық маңызы бар 10 автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өтеді.
Кездесуде тұрғындар «Nur Otan» партиясының ілкімді істерінен хабардар екендерін және партияны толықтай қолдайтындарын жеткізді.
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді