Шымкент қаласы Полиция департаментінің Қаратау ауданы Полиция басқармасымен «Evolution Corporation» және «Indigo24» ұйымдарға қатысты ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
2020 жылғы 23 қарашада Шымкент қаласы Мамандандырылған тергеу сотымен 6 күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.