Шымкентте 2 агро-индустриалды аймақ құрылады

202

 

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету керектігі айтылды. Шымкентте осы бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймағын іске қосу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифингте мәлімдеді.

– Біріншісі – аумағы 136 гектар жерге заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешенін салу бойынша 28 жобаны іске асады. Екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда. Мұнда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі және сүт өндіру зауыты бой көтереді,-деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Спикердің сөзінше «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағында шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобалар жүзеге асады деп жоспарланған.