Шымкенттік тұрғын музейге сіріңкеден жасалған үйшікті сыйға тартты

118

Қаламыздағы «Ерлік» мұражайынан көптеген жәдігерлерді тамашалауға болады. «Жеңіс» саябағындағы мұражай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, Ауған соғысының жауынгерлеріне, жалпы ерлік атаулыға тағзым ету мақсатында ашылған болатын.

Жуырда аталған мұражайға Шымкент қаласының тұрғыны Игорь Малеев ерекше сыйлық жасады. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған естелік үйшікті сіріңке мен балмұздақтың таяқшаларымен жасапты. Қарапайым заттармен жасалған тарихи дүние деуге болады. Үйшіктің әр терезесінің ішінде сұрапыл соғыстың бір бейнесі бар.

Бүгінгі жас буынның өткен тарихымызға құрметі деуге болады. Алтын қолды шебердің алға қойған жоспарлары да көп.