Телефон арқылы төлем жасағанда ақша қалай ұрланады

177
фото Mobile-review.com

Егер QR-код арқылы алаяқтар ақша алып қойғанын білсеңіз, операцияны болдырмау үшін банкке жүгіну керек. Полицияға арыз жазған жөн.

Биыл көптеген мемлекет тұрғындары тауар мен қызмет үшін төлем жасауға QR-кодты белсенді қолдана бастады. Бұл төлем тәсілі танымал болған сайын алаяқтық жағдайлары да арта түсті, деп хабарлайды Sputnik.

«Позиция Права» заңгерлік компаниясының басқарушы серіктесі Егор Рединнің айтуынша, QR-код – құрылғыға мәтіндік ақпарат жеткізу тәсілі.

«Алаяқтар ақпарат стендтерінде, парақшаларында QR-код қояды. Сондай-ақ, кейбір ұйымдар көрсеткен кодты өзгертіп, ақшаны өз есепшоттарына ауыстырып алады», — деді заңгер РИА Новостиге.

Ол қылмыскерлер осы екі схеманың біреуін таңдауы мүмкін екенін айтады. Біріншісінде, адамды әдейі жаңылыстырады. Ал екінші жағдайда тұрғындар білмей, телефонға вирустық бағдарламаларды жүктейді.

Сондай-ақ, тауар мен қызмет ұсынған компанияның QR-код реквизиттері орнына алаяқтар өздерінің мәліметін тіркейді. Сондықтан антивирус арқылы тексерілетін QR-код сервистерін қолдану керек. Олар кодтың фишингтік, зиянды парақшалар базасында бар-жоғын анықтайды.

Егер QR-код арқылы алаяқтар ақшаңызды алып қойғанын білсеңіз, операцияны болдырмау үшін банкке жүгіну керек. Полицияға арыз жазған жөн.