Ұрлағаны… азық-түлік…

209

Сайрам АПБ-ның кезекші бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданып, оның Ақсукент ауылында орналасқан дүкенінен белгісіз біреулер ірі сомаға тауар ұрлағанын жеткізеді.

Жәбірленушінің айтуынша, түнде ұрылар сауда орнына кіріп, ноутбук пен азық-түлік алып кеткен. Мегаполис тұрғынына келтірілген шығынның жалпы көлемі 120 мың теңгеден асқан. Полицейлер бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТБТ-ға тіркеп, күдіктілерді іздеуге кірісті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы көшелер мен аулаларды аралап, бейнебақылау камераларын тексерді, сондай-ақ куәгерлерден жауап алып, басқа да дүкен ұрысын ұстауға қажетті шараларды іске асырды.

Осындай жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сайрам АПБ полицейлері күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Полиция басқармасына жеткізілген күдікті бұрын бірнеше рет сотталған жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта тергеу күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Заттай дәлелдемелер алынды. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындар мен сауда нүктелерінің иелеріне қырағы болу және өз мүлкін сақтау шараларын қабылдау қажеттігін ескертеді. Дүкендерде және өзге де сауда үй-жайларында бейнебақылау камералары мен күзет дабылын, сондай-ақ терезелерге темір торларды және кіру есіктеріне сенімді құлыптарды орнату қажеттігін ұсынады. Бөтеннің мүлкін ұрлаған жағдайда 102 телефоны бойынша дереу полицияға хабарласуға кеңес береді.

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі