15-қаңтарда VII шақырылымдағы облыс мәслихатының алғашқы сессиясы өтпек

117

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев сайлаудың  қорытынды нәтижесі 12-ші қаңтарда белгілі болатынын атап өтіп, алдағы ұйымдастыру шараларына тоқталды.

Әлібек Өмірәлиев, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы: «Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаттарының есімі  партияның конференцияларында белгілі болады. Қаңтардың 14-не  облыстық аумақтық сайлау комиссиясы өз  отырысында жаңа депутаттарды тіркейді. 15-ші қаңтарда жетінші шақырылымдағы облыс мәслихатының алғашқы сессиясы өтеді. Онда ұйымдастыру мәселелері қаралады. Облыстық сайлау комисссиясы сайлаудың қорытындысын жариялап, партиялық тізім бойынша облыс мәслихаты депутаты мандатына ие болған азаматтарды құттықтап, депутаттық  куәлік пен  төсбелгі  табыс етеді. Жетінші шақырылымдағы облыс мәслихатының алғашқы  сессиясында кезекті сессияның төрағасы сайланады».