2021 жыл: Несімен есте қалмақ?

179
фото Inbusiness.kz

 

Табалдырығымыздан аттап кірген ХХІ ғасырдың жиырма бірінші жылы айтулы тұлғалардың мерейтойларымен есте қалмақ. Ұлттық әдебиет пен өнерде, ғылымда із қалдырған нар тұлғалардың мерейтойлары жоғары деңгейде аталып өтеді деген сенім кәміл. Әрине биылғы жылдың басты мерекесі, тәу етер тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Бұдан бөлек, тойлауға тұрарлық алыптарымыздың атаулы күндерін тізбелеп өтсек:

Қаңтар

1 қантар – композитор, күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл (1861-1955)

7 қаңтар – Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, «Халық қаһарманы» атағының иегері Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың туғанына 70 жыл (1951 жыл)

Ақпан

1 ақпан – публицист, журналист Амантай Какеновке 80 жыл (1941 Ақмола обл. туған)

9 ақпан – ақын Мұқағали Мақатаевқа 90 жыл (1931- 1976)

25 ақпан – қазақ халқының әйгілі ханы, қолбасшы, Ұлы мемлекет қайраткері Абылай ханның туғанына 310 жыл

28 ақпан – Халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл (1846-1945)

Наурыз

5 наурыз – Қазақтың көрнекті ғалымы, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл (1866-1937)

22 наурыз – «Жас Алаш» («Лениншіл жас») газетінің шыға бастағанына 100 жыл (1921)

Сәуір

7 сәуір – қазақтың атақты палуаны Қажымұқан Мұнайтпасовтың туғанына 150 жыл (1871-1948)
29 сәуір – Композитор, педагог, музыкатанушы, Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 115 жыл (1906-1968)

Мамыр

10 мамыр – ақын Жақан Сыздықовқа 120 жыл (1901-1977)

18 мамыр – ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың туғанына 85 жыл (1936)

15 мамыр – Шымкент қаласының Құрметті азаматы, ақын Исраил Сапарбаевтың туғанына 80 жыл

Маусым

1 маусым – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясына – 75 жыл

Шілде

16 шілде – Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Латиф Абдулхаұлы Хамидидің туғанына 115 жыл (1906-1983)

27 шілде – ғарышкер, Қазақстанның Халық Қаһарманы, РФ батыры, Кеңес Одағының батыры Тоқтар Әубәкіровқа – 75 жыл (1946)

30 шілде – әнші, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Әлібек Мұсаұлы Дінішевтің туғанына 70 жыл.

Тамыз
25 тамыз – ақын Марфуға Айтқожинаның туғанына 85 жыл (1936)

30 тамыз – жазушы Ибрагим Салаховтың туғанына 110 жыл (1911-1998)

Қыркүйек

1 қыркүйек- Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатына – 100 жыл.

24 қыркүйек – киноактриса, Қазақстан мен Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі – Наталья Орынбасарованың туғанына – 75 жыл.

29 қыркүйек Қазақ радиосына – 100 жыл.

Қазан

4 қазан – сценарист, режиссер, жазушы Бақытжан Қанапьяновтың туғанына 70 жыл (1951)

10 қазан – ақын Қасым Рақымжанұлы Аманжоловтың туғанына 110 жыл (1911-1955)

15 қазан – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сайын Мұратбековтың туғанына 85 жыл (1936-2007)

Қараша

2 қараша – ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл (1841-1889)

16 қараша – ақын Марьям Хәкімжанованың туғанына 115 жыл (1906-1995).

Желтоқсан

12 желтоқсан – композитор Құрманғазы Сағырбаевтың туғанына 215 жыл (1806-1879)

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні (1991)

«Қазақфильм» кино студиясының құрылғанына 80 жыл (1941)

Қазақ жазушыларының мерейтойлық кітаптары

Әбіш Кекілбаев «Үркер» роман (1981) – 40 жыл
Дихан Әбілев «Сұлтанмахмұт» поэма (1981) – 40 жыл
Ілияс Есенберлин «Алмас қылыш» роман (1971) – 50 жыл
Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман (1971) – 50 жыл
Асқар Тоқмағамбетов «Әке мен бала» (1961) – 60 жыл

Әди Шарипов «Партизан қызы» повесть (1961) – 60 жыл
Жұбан Молдағалиев «Жесір тағдыры» поэма (1961)- 60 жыл
Мұхтар Әуезов «Өскен өркен» роман (1961) – 60 жыл
Ғабит Мүсірепов «Оянған өлке» повесть (1961) – 60 жыл
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогия (1961) – 60 жыл
Олжас Сүлейменов «Аргамаки», «Земля, поклонись человеку» (1961)-60 жыл

Әбділда Тажібаев «Сүйген жүректер» өлеңдер (1951)- 70 жыл
Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан» повесть (1951) – 70 жыл
Ғабиден Мұстафин «Өмір не өлім» роман (1941) – 80 жыл
Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» поэма (1941) – 80 жыл
Иса Байзақов «Кавказ» поэма (1941)- 80 жыл
Жамбыл Жабаев «Ленинградтық өренім» жыр (1941) – 80 жыл

Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» повесть (1941) – 80 жыл
Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэма (1936) – 85 жыл
Ілияс Жансүгіров «Кек» пьеса (1931) – 90 жыл
Сабит Мұқанов «Адасқандар» роман (1931) – 90 жыл

Мұхтар Әуезов «Қорғансыздың күні» повесть (1921) – 100 жыл
Бейімбет Майлин «Қашқын келіншек», «Зайкұл» поэмалар (1921) – 100 жыл
Ахмет Байтұрсынов «Маса» өлеңдер (1911)- 110 жыл

ҚР Мемлекеттік мерекелер:

1,2 қантар – Жаңа Жыл

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
22 – Наурыз мерекесі
1 мамыр – Қазақстан халықтарының ынтымықтастық күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
9 мамыр – Жеңіс күні

6 шілде – Астана күні

30 тамыз – ҚР Конституция күні

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президент күні

16-желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні

ҚР Кәсіби мерекелер

Сәуірдің бірінші жексенбі – Геолог күні
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні

21 мамыр- Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

Мамырдың соңғы жексенбісі – Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күні
5 маусым – Эколог күні
6 маусым – Қаржы полициясы күні
Маусымның екінші жексенбісі – Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні Маусымның үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлерінің күні
23 маусым – Полиция күні
23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күні
28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні

2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні
13 шілде – Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің күні
Шілденің үшінші жексенбісі – Металлург күні
Тамыздың бірінші жексенбісі – Көлік қызметкерлері күні
Тамыздың екінші жексенбісі – Құрылысшы күні
Тамыздың үшінші жексенбісі – Спорт күні
18 тамыз – Шекарашы күні
Тамыздың соңғы жексенбісі – Шахтер күні

1 қыркүйек – Білім күні
Қыркүйек айының бірінші жексенбісі – Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні
Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні
Қыркүйектің үшінші жексенбісі – Қазақстан халқының Тілдері күні
28 қыркүйек – Атом саласы қызметкерлерінің күні
Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Машина құрастырушылар күні
Қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні
30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлерінің күні

Қазан айының бірінші жексенбісі – Мұғалімдер күні
19 қазан – Құтқарушылар күні
Қазан айының соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні

8 қараша – Статистика күні
15 қараша – Ұлттық валюта -Теңге күні, Қаржыгерлер күні
Қараша айының үшінші жексенбісі – Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні

6 желтоқсан – Прокуратура күні
12 желтоқсан – Кеден органдары қызметкерлерінің күні
Желтоқсанның үшінші жексенбісі – Энергетиктер күні