Әскерге шақыру науқаны басталды

195
фото massaget.kz

Шымкенттегі әскери гарнизон өткен жылды қорытындылады. Бастысы өткен жылы отан қорғаушылардың саны жоспарға сай алыныпты. Нәтижесінде 1500 шымкенттік азамат әскерге жіберілді.

Карантин кезінде әскерге аттанғандарды шығарып салу рәсімі өтпестен сарбаздар бірден әскерге жеткізілген. Олардың әрбірі COVID-19-ға тест тапсыру арқылы өтіпті. Қазіргі таңда армияға кеткендерді бөлімшелерге бөлу жұмыстары жүргізілуде. Бұл 29 қаңтарға дейін жалғасады.

Қатарға қабылданғандардың негізгі үйренері далалық жағдайда өткізілетін тактикалық дайындық болады. Сонымен қатар, сабақтардың үштен бір бөлігі түнгі уақытта өтеді. Сарбаздар оқ атуды үйреніп, барлау жүргізу мен әр түрлі жекпе-жектерде әрекет ету дағдыларына жаттығады.

Шымкентте болашақ отан қорғаушыларды тіркеу басталды. Биыл бес мың жас әскери есепке алынады деп күтілуде. Күн сайын жергілікті әскери басқару органдарына арнайы орта оқу орындарының оқушылары мен студенттері медициналық тексеруден өту үшін келеді. Олардың физикалық жағдайында кінәрат болса, тұрғылықты жері бойынша емделуге жіберіледі және келесі тіркеу компаниясына шақыру учаскелерінде қайта қаралады.

Ринат МАДИЯРОВ, Шымкент қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары: «Осы жылы Шымкент бойынша 5 мыңнан астам жасөспірімді әскери есепке қою жоспарланған. Алдымен олар медициналық тексеруден өтеді, содан кейін деректерді тексеріп, психологтармен жұмыс істейді. Тіркеу бірнеше айға созылады. Әрбір ата-ана тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына жүгіне алады және толық ақпаратты сол жерден ала алады».

Республика бойынша тіркеу науқаны 31 наурызға дейін жалғасады. Қалалық Қорғаныс департаменті қызметкерлерінің айтуынша, тіркеу міндетті түрде жүргізілуі керек, ал себепсіз тіркеуден жалтарған жасөспірімдердің ата-аналарына бірінші рет ескерту жасалады. Бұл жағдай қайта қайталанса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Нұрлан Сұлтанбек