Академик Асқар Жұмаділдаев қиын есепті шығарған адамға 1 400 доллар беретінін хабарлады. Математик бұл байқауды жастардың математикаға деген ынтасын оятып, құлшынысын арттыру үшін ұйымдастырған.
«Бұл бастаманы 50 жылдық мерейтойымда хабарлаған болатынмын. Менің жасырған есебімді шығарғандар 100 доллар алады. Егер ешкім жауабын таппаса, әр жыл сайын сол есепке 100 доллардан қосылып отырады. Биыл оның құны 1400 долларға жетті», – дейді математик.