Д. Қонаев даңғылындағы жолайырық құрылысы биыл аяқталады

206

Шымкент қаласындағы Қонаев даңғылында салынып жатқан жолайрық құрылысы жыл соңына аяқталып, пайдалануға беріледі. Рысқұлов көшесі де, Қонаев даңғылы да көлік жүргізушілері үшін ашылады.

Дәл осылай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы әкімінің 2020 жылда атқарылған жұмыстар бойынша халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
«Жоспарға сәйкес жолайрық құрылысы 2022 жылы аяқталуы керек еді. Алайда тұрғындар қолайлы жағдай жасау үшін құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, көлік кептелісі қалпына келтірілетін болады. Ал аббаттандыру жұмыстары келер жылы жүргізіледі», – деп хабарлады Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімі есепті кездесу соңында аудан әкімінің атқарған жұмыстарына оң баға беріп, алдағы уақытта да барлық жұмыстар тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында жасалу керектігін айтты.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі