Мәжілісмендер жылды қорытындылады

60

Мәжілісмендер өтіп бара жатқан жыл қорытындысын жасады. Төраға Нұрлан Нығматулиннің айтуынша биыл депутаттар 186 рет өткен жалпы отырыста 1208 мәселені електен өткізген.

Және 487 заң жобасын қарап, 95 пайызын мақұлдапты. Атап айтсақ, биыл халық денсаулығы, экология, салық, кедендік реттеу және жер қойнауы бойынша мәселелер қаралған.

Бұдан бөлек, Спикер депутаттар 1 млн. халықпен кездескенін айтады. Барлығы 17 мың рет өткен кездесуден кейін шешілген мәселелер де жоқ емес дейді Нығматулин. Айта кетейік, осы 5 жылдың ішінде халықтан мәжіліске 23 700 хат келіп түскен.

Назерке Үкібасова